AXENS KGNT ENERGY EFFICIENCY

(АКСЕНС КГНТ ЭНЕРДЖИ ЭФИШИЕНСИ)

ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕСКЕРТУ – ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Құқықтық ескерту

 

Осы вебсайт «Axens KGNT Energy Efficiency (Аксенс КГНТ Энерджи Эфишиенси)» ЖШС (ары қарай AKEE) жарияланған, капитал үлесі 160 000 000 теңге, Қазақстан, Алматыда тіркелген, тіркеу нөмірі 140540001453, заңды мекен-жайы: Райымбек даңғылы, 160А, 517 кеңсе, Алматы,050016, Қазақстан. Жариялау басқарушысы Роман Ру.

Вебсайт: Microsoft 365

Photo credits:

© FOTOLIA

Сіз AKEE веб-сайтына («Веб-сайт») кіру не веб-сайтын қолдану арқылы, және/немесе веб-сайтта орналасқан кез-келген ақпаратты қолдану арқылы төменде сипатталған Қолдану ережелерін (ары қарай «Қолдану ережелері») сөзсіз мойындайтыңызды растайсыз.

Өтініш, осы Қолдану ережелерін тексеріп тұрыңыз, себебі оның шарттары өзгеріп тұруы мүмкін.

 

2. Зияткерлік меншік құқығы

 

Осы веб-сайттың мазмұны, архитектурасын, сыртқы келбетін қоса алғанда, сонымен қатар, мәтін, мақала, брошюра, фотосурет, иллюстрация, кескін, белгі мен логотип, сауда белгісі, кызмет белгісі, өнім не компания атауы, бағдарламалық жасақтама, құрал, өнім, үдеріс немесе технология секілді Веб-сайтта орналасқан барлық ақпарат (ары қарай «Мазмұн») авторлық құқықтарды, копирайтты, дизайнерлік құқықтарды және әділетсіз бәсекелестікті қадағалайтын қолданыстағы заңмен қорғалады.

Мазмұн AKEE және/немесе оның еншілес мекемелерінің ажырамас және айрықша меншігі болып табылады. Төменде көрсетілген жағдайлардан басқа, Мазмұнды қолдануға ешбір құқық берілмейді.

Қолданыстағы заңды кез-келген бұзушылық авторлық құқықтарға қол сұғу болып есептелінеді, және AKEE және/немесе оның еншілес мекемелерінің басқа сотқа жүгінулеріне қарамастан, заң бойынша жазалануға тиісті.

Осы веб-сайтта орналасқан құжаттарды тек қана ақпараттық және жеке қолдану мақсатында көшіруге рұқсат етіледі: өзге мақсаттарда көшіру немесе қолдану қатаң түрде тыйым салынған. Сіз осы құжаттарды үшінші тараптарға электронды пошта арқылы, веб-сайтта немесе серверде жариялау арқылы бермеуге және хабарламауға міндеттелесіз.

Мазмұн немесе Веб-сайттағы материалдарға қатысты жоғарыда көрсетілген шектеулі құқықтардан өзге Сізге басқа ешбір құқық берілмейді.

 

3. Жауапкершілікті шектеу

 

AKEE осы Веб-сайттағы Мазмұнды немесе оның кез-келген бөлігін өз қалауынша және алдын-ала ескертусіз өзгерту құқығына ие. AKEE осы Веб-сайттағы Мазмұнға кез-келген уақытта еш ескертусіз өзгертулер мен түзетулер енгізуге құқылы.

AKEE жанама сапа кепілдіктері, сауда қабілеттілігі, арнайы мақсаттарға жарамдылық немесе зияткерлік құқық бұзушылықтарының жоқтығы сияқты, бірақ мұнымен шектелмеген, Веб-сайт Мазмұнына қатысты ешбір кепілдіктерді мойындамайды.

AKEE Веб-сайтта қателер мен шалыстардың болмайтынына, сонымен қатар, қателер түзетілетініне, немесе Веб-сайт ақаусыз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Мазмұнда техникалық ақаулар немесе типографиялық қателер болуы мүмкін. Сонымен бірге, осы Веб-сайт пен оның Мазмұнын қолдану немесе жұмыс істеуі нәтижесінде мәліметтер немесе табыс тіке, жанама, кездейсоқ түрде жоғалған жағдайда AKEE және оның еншілес мекемелері жауапты болып табылмайды.

Сізге осы ақпаратты көрсету арқылы, AKEE Сіздің осы ақпаратты қолдануыңыз үшін жауапты емес. Өтініш, оны өз тәуекеліңізге қарай қолданыңыз. Сіз AKEE , оның жұмысшыларына, бастықтарына, инвесторларына, серіктестеріне, еншілес мекемелеріне және жарнамалаушыларына зиян келтірмеуге, әрі оларды Веб-сайтты қолдануға қатысты кез-келген даулардан қорғауға келісесіз. Ешбір жағдайда, AKEE немесе оның еншілес мекемелері немесе онымен байланысты ұжымдар сілтемелері берілген сайттардың мазмұны үшін жауапты емес. AKEE немесе оның еншілес мекемелері немесе онымен байланысты ұжымдар аталмыш сайттардың ешбір редакторлық құқықтарына ие емес. Аталмыш сілтемелер AKEE  Веб-сайтын немесе оның еншілес мекемелері немесе онымен байланысты ұжымдардың Веб-сайттарын қолданушыларға қызмет ретінде ұсынылған.

 

4. Сіздің AKEE-ге тапсыратын ақпаратыңыз және мәліметтеріңіз

 

Есіңізде сақтауыңызды өтінеміз, Сіздің осы Веб-сайт арқылы AKEE-ге тапсыратын кез-келген ақпаратыңыз, сұрақтар, түсіндірмелер, сауалнамаларға жауаптар, электронды және жазбаша мәліметтерді қосқанда, бірақ мұнымен шектелмеген, көпшілікке ашық болып табылады. Сол себепті, Сізге құпия немесе жеке ақпарат болып табылатын мәліметтерді тапсырмаңыз, Сіз тапсырған барлық ақпарат көпшілікке ашық және жария болады. Осы Веб-сайтты немесе AKEE еншілес мекемелері немесе онымен байланысты ұжымдардың Веб-сайттарына кіріп, AKEE-ге ақпарат тапсыратын кез-келген қолданушы осы ақпарат пен мәліметтерге жарамды құқықтарды толығымен AKEE-ге ұсынады, және AKEE-ге оны мақсатына қарай қолдануға рұқсат береді. AKEE осы ақпаратты немесе мәліметтерді өз қалауынша және еш ақысыз қолданып, көшіріп, тарата алады.

 

5. Жеке өмір – жеке мәліметтерді жинау және қолдану

 

Ақпарат және мәлімет cookiе-файлдары арқылы автоматты түрде жинала алады. Cookie-файлдары осы Веб-сайттағы Сіздің компьютеріңіздің навигация ақпаратын сақтап қалады. Көбінесе, браузерлер cookiе-файлдарын автоматты түрде қабылдайды, бірақ, Сіз өз браузеріңіздің түрін cookiе-файлдарын сақтамайтындай етіп, өзгерте аласыз. Дегенмен, егер Сіз cookiе-файлдарын өшіріп тастасаңыз, Сіздің Веб-сайтқа кіруіңіз шектеліп, кейбір парақшалардың ашылу жылдамдығы бәсеңдеуі мүмкін.