Энергоаудит

 

«Axens KGNT Energy Efficiency» ЖШС Қазақстан Республикасының 2012 ж. 13 қаңтарының  №541-IV Заңы мен 2012 ж. 31 тамызының Үкіметтік бұйрығы бойынша энергоаудит өткізеді.

  • Энергетикалық мәліметтерді жинақтау мен өндірістік орында өлшеулер жүргізу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің иелігімізде энергоаудит өткізуге арналған толыққанды лаборатория бар. Біздің мамандар барлық қажетті салалардың өкілдері болып табылады, оның ішінде мұнайгазды өндеу, пеш және жылу жүйелерінің, компрессорлардың, насостардың және электр жүйелерінің инженериясы.

Біздің құрылтайшыларымыздың мол тәжірибесінің арқасында біз өндіріс орындарында эффективти зерттеулер өткізіп, маңызды жабдықтар мен жүйелерге назар аударамыз. Сонымен қатар, біз қолданыстағы технологиялық үрдістерді зерттейміз, ондағы мақсат энергия өндірісін оңтайландыру және энергия қажеттілігін қысқарту.

 

  • Халықаралық стандарттар негізінде салыстырмалы талдау жасау

Халықаралық стандарттарға сүйене отырып, «Axens KGNT Energy Efficiency» ЖШС технологиялық үрдістің әр бөлшегі үшін, маңызды жабдықтың әр құралы үшін, және бүкіл зауытқа арнап тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (ТНГ) шығарады. Халықаралық стандарттармен салыстырудың мақсаты – энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін жылдам түрде сәйкестендіру, әрі энергия тұтыну көрсеткіштері аса жоғары секторларды анықтау болып табылады.

 

  • Техника және экономика жағынан тиімді шешімдерді дамыту

Көп жағдайда, энергия тиімділігін оңтайландыруға көп шығын қажет емес. Энергоаудит нәтижесінде жасалынған ұсыныстарымыздың 70% қаржыны талап етпейді, немесе аз көлемде қажет етеді. Біздің ұсыныстарымыз әр түрлі салаларды камтыды:

- Пинч-анализдің арқасында жылу алмстырғыштың ішіндегі құбыр желісін түрлендіру, нәтижесінде технологиялық қондырғыда жанармай энергиясын үнемдеу 23% артты.

- Жаңа жанарғылар мен қосымша анализаторлары бар пештерді түрлендіру арқылы, минималды шығынмен ТНГ нәтижесі 10% өсті.

- Ребойлердің энергия қажеттілігін қысқарту үшін шекаралық бағаналардың ішіндегі қысымды азайту

- Бу қажеттілігін қысқарту мақсатымен турбина конденсаторында ең заманауи үздіксіз қызмет ететін тазалау жүйесін орнату

- Ірі электр жүйелерінде конденсаторлар мен жиілік түрлендіргіштерді орнату

 

  • Қаржы сараптамасы және тәуекелдікті бағалау

Біз қаржы өлшемдеріне негізделген мүмкін болатын жақсартуларды құрастырып, сенімді халықаралық технологияларды ұсына отырып, клиенттерімізге ең үздік нұсқауларды таңдауға көмектесеміз. Біз өз клиенттерімізге IRR, NPV сияқты кез-келген қаржы өлшемдерін ұсына аламыз.

Скачать опросный лист