Axens blog

 

АКЕЕ ТУРАЛЫ

 

Біздің сенімімізге қарай, өндірістік кәсіпорындарының энергия тиімділігін және энергия үнемділігін арттыруға бағытталған жобалардың көрсеткіштерін нығайту үшін, энергия тиімділігін арттыру бастамасы барлық деңгейлерде, әсіресе жоғары деңгейде қолдау табу керек. Аталмыш істі Қазақстанда дамыту мақсатымен Axens және КГНТ компаниялары өз күштерін біріктіру арқылы елімізде «Axens KGNT Energy Efficiency» ЖШС құрды.

 

«Axens KGNT Energy Efficiency» ЖШС («AKEE») 2014 жылы Axens және КГНТ компанияларының қатысуымен құрылды, мекеменің басты мақсаты Қазақстанның мұнай-газ,  мұнайхимия және химия салаларында энергия тиімділігін арттыру қызметтерін көрсету.

 

Біз келесі қызмет түрлерін көрсетеміз:

 

- Консалтинг және энергия тиімділігін арттыру қызметтері

- Активтер мен қызметтерді оңтайландыру жолдарын зерттеу

- Жұмыс конфигурацияларын дамыту жолдарын зерттеу

- Консалтинг және жобаларды іске асыру қызметтері

 

 

 

Axens (www.axens.net)

 

Компаниясы жаңа технологиялардың, катализаторлар мен адсорбенттердің халықаралық жабдықтаушысы, және әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушісі ретінде негізгі техникалық жобаларды дамыту және іске асыру саласында халықаралық мәртебеге ие болып үлгерді.  Axens компаниясының басты қызметі - мұнайды, көмірді, табиғи газды және биомассаларды экологиялық таза жанармайға айналдыру, және негізгі мұнайхимия өнімдерін жасап шығару мен тазарту.

Axens компаниясының халықаралық қызмет көрсетулері жоғарыбілімді мамандар, заманауи өндіріс объектілері және әлем бойынша біздің технологиялар мен катализаторларды қолданатын мекемелермен қарқынды байланыс орнату арқылы жүзеге асады.

Мұнай өңдеу және мұнайхимия саласындағы жаңадан салынып жатқан және қолданыстағы зауыттарға қызмет көрсетуден әлемдік лидер атанған Axens компаниясы ең үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенген кең ауқымды әдістемелерді ұсыну тәжірибесіне молынан ие.

 

 

 

 

 

 

 

KGNT (www.kgnt.kz)

 

Қазақстан Республикасындағы ең үздік инжинирингтік компаниялардың бірі болып табылады, мұнайгаз жобаларын су және құрлық бетінде жобалау және инжиниринг қызметтерін көрсетуден мол тәжірибеге ие. КГНТ KAZENERGY Ассоциациясының мүшесі болып табылады.

 



AKEE компаниясы төмендегі ұйымдардың мүшесі болып табылады:

Франция Қазақстан Тауар-өндірістік палатасы  www.france.kz

KGNT is member of KAZENERGY association.

Axens blog